

ЖАЙДАРМАННЫҢ ЖАҢА МАУСЫМЫНЫҢ Б ТОБЫНДАҒЫ КОМАНДАЛАР ӨНЕР КӨРСЕТТІ

2023 жылдың 16 қараша күні Жуалы ауданының 95 жылдық мерейтойына орай аудандық мектеп оқушылары арасында «Маусымашар-2023» жайдарман ойынының Б тобындағы командалар өнер көрсетті.

Б тобында өнер көрсеткен Боралдай ауылдық округінің «Бәрі плагиат емес» командасы, Б.Момышұлы ауылының «Том и джерри», Қарасаз ауылдық округінің «Көзтимес», Қошқарата ауылдық округінің «Галивуд» командасы, Жетітөбе ауылдық округінен «Жетітөбе» және «Жаңа толқын» командалары, Нұрлыкент ауылдық округінен «Нұрлыкент қырандары» командасы, Шақпақата ауылдық округінен «Пороро және оның достары» командасы, Қызыларық ауылдық округінің «Көңілді жігіттер» командалары маусымның 1/8 ойынына жолдама алды.

Маусымашар ойынының Б тобында әділ қазылардың шешімімен үздік деп N9 Абай атындағы орта мектебінің оқушыларынан құралған «Галивуд» командасы танылды.