
КҮЗ МЕРЕКЕ- КҮЗ БЕРЕКЕ!


2023 жылдың 20 қазан күні N9 Абай атындағы орта мектебінде тәлімгер А.Жумашеваның ұйымдастыруымен 5-10 сыныптар аралығында " Күз мереке, күз береке!" тақырыбында күзгі балл ұйымдастырылды.

Мерекелік сайысқа қатысқан әр жұптың өзіндік ерекшеліктері болды. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп сайысқа түсті.

Сайыста барлық жұптың алды болған, жүлделі орынның иегерлері күзгі балдың ханзадасы мен ханшайымы атанды.Қалған сайысқа қатысқан жұптарды әр түрлі номинациялар бойынша әділ қазы алқалары марапаттады.