

"САЛАУАТТЫ АТА-АНА МӘДЕНИЕТІ" БАЙҚАУЫ

2023 жылдың 21 қараша күні балаларды үйлесімді тәрбиелеуде ата-ананың жауапкершілігін, құқықтық және мәдени сауаттылығын арттыру және қалыптастыру мақсатында «Тәжірибелік психология» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Фатима Бизақованың және Жуалы ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен облыстық «Салауатты ата-ана мәдениеті» байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқау қорытындысы бойынша, Қошқарата ауылдық округі N9 Абай атындағы орта мектебі атынан дүбірлі додаға қатысқан "Үркінбаевтар отбасы" жүлделі І орынды жеңіп, 50000 тг сертификатқа ие болды.
Сонымен қатар облыстық деңгейде өтетін байқауға Жуалы ауданының намысын қорғайтын болады!

"Үркінбаевтар отбасын" бүгінгі жетістіктерімен құттықтаймыз!