Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес » Средняя школа им.Абая
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"№9 Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705)4651994
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
12
сентябрь
2023

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

«Сыбайлас жемқорлық» - деген түсінік мағынасына этимологиялық тұрғысында қарау, мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «соrruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға, пара сатып алу» -деген түсінік бергенде а қарсы іс – әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас – жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипатталады.Қоғамдағы лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалануды, билік етуді немесе лауазымдық өкілеттілікті арттыру, қызметтік жалғандық, сеніп тапсырылған мүліктерді ұрлау және иелену, біле тұра өтірік айғақ көрсетуді, куәларды, жәбірленушілерді немесе сарапшыларды сатып алу, сот шешімдерін, үкімдерін және басқаларды лауазымдық тұлғалардың орындамауы, сыбайласқан байланыстарды қолдау жиі кездесетінін көрсетіп отыр.Қарапайым түсінік бойынша бәрінен бұрын сыбайлас жемқорлықты мемлекеттік қызметпенбайланыстырады. Бар беталысқа қарамастан және басқа салада – үкімет билігі және жеке кәсіпкерлердің әкімшілігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы таратуда – мемлекеттік лауазымдық тұлғалар арасында сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған заң аса егжей – тегжейлі әзірленген. Шынында да мемлекеттік қызметшілер анағұрлым ауқымды дискрециялық өкілеттілікті иелене және көбінде бақылаусыз әрекет ете отырып, өз мүдделерінде және мемлекеттік мүддесіне қарамастан лауазымдық мансаптығын қолданудың барлық мүмкіндігін иелене алады.

ҚР «Сыбайлас – жемқорлықпен күрес туралы» заңы сыбайлас – жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: «...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай – ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай – ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу».Сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтау және жүзеге асыру сыбайлас – жемқорлықпен күресте өте маңызды. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлықтың» пайда болуымен күресудің бірнеше әдістері ұсынылды:
Заңды қатайтып және оның орындалуын қатаң қадағалау, сол арқылы жазалау қаупін күшейту.
Лауазымды адамдарға ережелер мен заңдарды бұзбай өздерінің кірістерін көбейтуге мүмкіндік беретін экономикалық механизмдерді туғызу.
Нарық пен бәсекелестіктің рөлін күшейту, сол арқылы сыбайлас жемқорлықтан түсетін ықтимал пайданың көлемін азайту.
Қазақстанда сондай – ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіп, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік – құқықтық актілер де қабылданды. Оларға «Мемлекет қызмет туралы» (1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998) ҚР заңдары жатады.

Похожие публикации:

01 сентябрь 2022 ҚҰТТЫҚТАУ!!!
12 октябрь 2020 Call центр
25 сентябрь 2020 Парасатты Отбасы
25 декабрь 2019 Құттықтау
06 ноябрь 2019 Адалдық сағат
03 октябрь 2019 эко-сағат
01 октябрь 2019 ҚАРТТАРҒА КӨМЕК
23 сентябрь 2019 Құттықтау!!!
04 сентябрь 2019 Адалдық сағаты
22 февраль 2019 мектеп ұжымы
22 февраль 2019 мектеп ұжымы