№9 Абай атындағы орта мектебінің әлеуметтік педагогының 2017-2018 оқу жылына аналитикалық есебі » Средняя школа им.Абая
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"№9 Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705)4651994
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №9 Абай атындағы орта мектебінің әлеуметтік педагогының 2017-2018 оқу жылына аналитикалық есебі
23
июль
2018

№9 Абай атындағы орта мектебінің әлеуметтік педагогының 2017-2018 оқу жылына аналитикалық есебі

№9 Абай атындағы орта мектебінің әлеуметтік педагогының2017-2018 оқу жылына аналитикалық есебі
Әлеуметтік педагог қызметі балалардың дамуы мен оны қорғауды қамтамасыз ету заңына негізделген. Әлеуметтік педагог сонымен қатар өз қызметінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңын, БҰҰ «Балалардың құқықтары туралы Конвенция», ҚР «Неке және отбасы туралы заңы», басқа да нормативтік актілер мен құжаттарды, осы ережені басшылыққа алады.
Шығармашылық жұмыстың тақырыбы: Оқушыларға моральдық көмек көрсету.
Мақсаты: Балалардың әлеуметтік құқығын қорғау және балалардың жан жақты дамуына жағдай жасау, сонымен қатар мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынасын құру, оқушылардың тұрмыстық жағдайын және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттеу,әлеуметтік көмек көрсету.
Міндеттері:
1.Оқушылардың тұлғалық әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін, өмір сүру жағдайларын зер салып бақылау;
2.Сынып жетекшілерінің оқушыларды әлеуметтік қорғау жөніндегі жұмыстарын үйлестіру және жоспарлау;
3.Ата-аналар комитетімен,қамқоршылар кеңесімен өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету;
4.Сыныптың, жеке оқушы,отбасының әлеуметтік жағдайын толық зерттеу;
5.Жүргізілетін әлеуметтік жобалар мен бағдарламалардың мүмкін болатын салдарына болжам жасау;
6.Жетім,жартылай жетім, тұрмысы төмен, көп балалы, оқушыларға оқулықтар беру,тегін ыстық тамақ ұйымдастыру жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамсыз ету әрі үйлестіру;
7.Әлеуметтік ортада парасатты, адамгершілікті, салауатты қарым-қатынастың орнауына ықпал ету;
8.Оқушылардың сабақтан тыс уақытта өз талап-таланттарын жетілдіруге, ,ой және дене қабілеттерін дамытуға ықпал ететін жағдайлар жасау;
9.Баланы әлеуметтік педагогикалық қорғауға алу;
10.Жеке тұлғаның дамуына отбасында әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз ету;
11.Әлеуметтік педагогикалық кеңес беру;
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазір қоғамымыз әлеуметтік-рухани дағдарысты басынан кешіруде. Қазақстан 1989 жылы БҰҰ қабылданған «Бала құқығы туралы конвенцияны» мақұлдады. Конвенция мазмұны негізгі 4 талап қояды,баланың өмір сүру құқығын, құрметтеу,негізгі басымдық баланы қайсібір себептері болмасын кемсітпеу.Конвенция әлеуметтік қорғалмаған балалар тобына,жетімдерге,мүмкіндігі шектеулі,құқық бұзушыларға ерекше көңіл бөледі. Осы орайда мектебіміздің аталған жұмыс бағыты бойынша 2017-2018 оқу жылында қандай істер атқарылды, неге қол жеткізілді және қандай кемшіліктер жасалып, келесі оқу жылында нені ескеру керек екендігіне сараптама жасап көрелік.
Мектебімізде 2017-2018 оқу жылына арналған әлеуметтік педагогтың жылдық жұмыс жоспары жасалынып бекітілді.Мектептегі әлеуметтік қызмет бекітілген жоспар бойынша жүргізілді. Жаңа оқу жылы «Мектепке жол» акциясын өткізуден басталды. Бұл акция тамыз және қыркүйек айында өткізілді .1-10 тамыз аралығында мектепте акцияға байланысты жоспар құрылып , комиссия құрамы бекітілді. Мектепте акция бұрышы жасалып, мектеп бойынша аз қамтылған,көп балалы , толық емес отбасынан шыққан оқушылар анықталып, 5 оқушының тізімі жасалып , ауылдың жеке кәсіпкерлеріне үндеу хаттар таратылды .Сонымен қатар балалар игілігі үшін арнайы жәшік қойылып,тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсетуге насихат жұмыстары жүргізілді.
«Мектепке жол» республикалық акциясы
«Мектепке жол» акциясының жоспары құрылып,сол бойынша жұмыстар атқарылды.Ашық тәрбие сағаттар ,қабырға газеттері «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші акцияға мектеп мұғалімдері мен қатар ауыл әкімі Р.Бердалиев ағамыз, «Қошқарата» балабақшасының меңгерушіші Сембейова Меруерт апкиіміз, мектеп директоры Ж.Утегенова, ауылымыздың жеке кәсіпкерлер де ат салысты.
Көмек көрсетілген оқушылардың тізімі





Оқушының аты-жөні
Демеушілік көмек көрсеткен тұлға
Қаржы көлемі

1Имат Мұрат
Р.Бердалиев Қошқарата ауылдық округінің әкімі8500

2Қуатбекқызы Мөлдір
Ж.Утегенова
Абай ат. ОМ директоры5500

3Андасбек Айсұлу
Абай ат. ОМ директорының орынбасарлары7000
4Жумағұлов Бақдаулет
Абай ат. ОМ ұжымы5000
5Бақыт Құралай М.Сембиева
Қошқарата б/б меңгерушісі6000
«Мектепке жол» акциясының жоспары құрылып, сол бойынша жұмыстар атқарылды. Ашық сабақтар, тәрбие сағаттар, қабырға газеттер ілінді. Акцияға мектеп мұғалімдерінің барлығы да қатысып,өз көмектерін көрсетті.Әр бірлестік бір –бір балаға керекті құрал-жабдықтар сатып алып берді.








Жоспарға сай мектептің ,сыныптың,әр баланың әлеуметтік төлқұжаты жасалынды.
1.Жалпы мектептегі оқушы саны – 219/12; 1-4 сыныптар (бастауыш)-77,
5-9 сыныптар (орта буын) -109, 10-11сыныптар (жоғарғы буын) – 33

Мектепте барлығы 118 отбасы – 218/12 оқушы бар.
Оның ішінде – жартылай жетім - 3 отбасы – 6 оқушы
Аз қамтылған – 27 отбасы – 42 оқушы
Көп балалы – 30 отбасы – 76 оқушы
Тұрмысы жақсы – 58 отбасы – 95 оқушы
2.Жетім балалар - 0
Қамқорлыққа алынған -0 Патронаттық тәрбиеге –0
3.Толық емес отбасылар - 3
Анасы жоқ -0 Әкесі жоқ – 6
4.Әлеуметтік жетім (ата-анасының біреуі қ/болған) бала саны – 6
5.Ата-анасы ажырасқан – 1
6.Көп балалы отбасылардың саны - 30
оның ішіндегі балалар саны – 100 оның ішіндегі осы мектепте білім алатын балалар -76
7.Аз қамтылған отбасылардың саны – 26 оның ішіндегі балалар саны - 38
8.Мүгедек балалар –1
9.Мүгедек ата-аналар – 0
10.Оралман отбасыларының саны – 0 Оның ішіндегі бала саны –0
1.Интернатқа орналасуға мұқтаж -жоқ
2.Есепте тұратын кәмелетке толмаған балалар -жоқ
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімде – жоқ
Мектепте – жоқ
3.Есепте тұратын отбасылар - жоқ
4.Бей-берекет санатына жататын отбасылар - жоқ
5.Үйсіз күйсіз жүрген, квартирасы жоқ отбасылар- жоқ
Оның ішінде осы мектепте оқитын балалар – 0
Қараусыз-қадағалаусыз жүрген отбасылар- жоқ



Аз қамтылған жағдайы төмен,жетім,жартылай жетім ,аз қамтылған балаларының
салыстырмалы мониторингі



Көп балалы , аз қамтылған,толық емес отбасыдан 64 оқушы 300 теңгелік бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды. 1 ақпаннан бастап 60 оқушы 450 теңгелік бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды. Құжаттары дайындалып аудандық білім бөліміне өткізілді.Оларға
1 ақпаннан бастап бұйрық шықты. Сабаққа келмеген оқушылардың орнына резервтегі оқушылар тамақ ішеді.Олар күнделікті қадағаланып белгіленеді. Ыстық тамақтың сапасын жақсарту мақсатында комиссия құрамы бекітіліп, «Тамақтану оқушылар көзімен » тақырыбында сауалнама алынды. «Дұрыс тамақтану .Сары ауру және оның алдын алу» тақырыбында мектеп медбикесі Асылбекова Нағитан баяндама оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

№9 Абай атындағы орта мектебінде ыстық тамақ ішетін оқушылардың мониторингі,
2017-2018 оқу жылы



2017-2018 оқу жылына арналған жалпыға міндетті оқу қорынан есебінен қыстық киіммен 50 оқушы қамтамасыз етілді.

Жуалы ауданы әкімдігінің Жаңа жылдық шыршасына жартылай жетім отбасынан шыққан 5 сынып оқушысы Андасбек Жасарал мен 9 сынып оқушысы Имат Мұрат қатысып , жақсы әсер алып, қыстық киім, сумка, аудан әкімдігінің сыйлықтарымен марапатталды.
2018 жылғы 10 қаңтар -10 ақпан аралығында өтетін жыл сайынғы «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясының жоспары жасалынып,бекітілді. «Жүректен жүрекке » атты концерт өткізілді.



Ауыл азаматтарынан, мектеп ұжымынан жиналған 68,500 (алпыс сегіз мың бес жүз) теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіліп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балалар сырт киім, аяқ киіммен қамтамасыз етілді.
№Оқушының ата-жөніСыныбы Әлеуметтік жағдайыКөмектің түрі
1Андасбек Асыл1Жартылай жетімКурка (5000 тг)
2Порым Райымбек1Аз қамтылғанКурка (5000 тг)
3Атеш Айзат3Аз қамтылғанКурка (5000 тг)
4Утебай Жансерік2Аз қамтылғанКурка (5000 тг)
5Асқарәлі Нүрәлі4Аз қамтылғанАяқ киім (2500 тг)
6Қуатбек Әлішер4Аз қамтылғанАяқ киім (2500 тг)
7Бақыт Құралай5Аз қамтылғанКуртка (6000тг)
8Андасбек Сарвиноз5Көп балалы отбасыКуртка (6000тг)
9Асанбек Меруерт6Көп балалы отбасыАяқ киім (2500 тг)
10Андасбек Назерке6Көп балалы отбасыАяқ киім (2500 тг)
11Қуатбек Мөлдір7Аз қамтылғанКуртка (6000тг)
12Кеңесбек Асемай10Көп балалы отбасыКуртка (6000тг)
13Дербісалі Ақерке8Аз қамтылғанАяқ киім (2500 тг)
14Қуанышбек Кәусар5Көп балалы отбасыКуртка (6000тг)
15Несіпхан Аяулым5Көп балалы отбасыКуртка (6000тг)

Жоғарыда аталған оқушыларға әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілді.



«Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы
Қайырымдылық акциясына 12500 теңге жиналды. Сонында Директордың тәрбие ісі жөніндегі оынбасары Өмірзақова Жансұлу, Тәлімгер Кемелбекова Диляра қыстық киімін алып келді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші,жиналған қор балалардың киіміне жұмсалатыны мұндай іс-шаралардың оң іске бастайтыны анық.

ҰБТ бойынша әлеуметтік педагогтан берілген көмек:
1.Аудандық ҰБТ байланысты оқушылардың қосымша сабақтарына толық қатысуына көмек беру.
2.Сабаққа,қосымша дайындыққа кешігіп келетін оқушылармен жеке жұмыс жасалады.
3.ҰБТ-ға тиісті байқау тесттерін алуға материалдық көмекті ата-аналарды ұйымдастырып алуға ықпал жасау.
4.Қажет жағдайда мектеп әкімшілігімен бірлесіп әлеуметтік көмек көрсету.
5.Мектеп психологтары өткен тренингтерге қатысып,оқушылардың ойын әрқашан біліп,қажетінше көмектер көрсету.
Мектеп жанындағы сауықтыру лагерінде 50 бала ыстық тамақпен қамтылды. Ата-аналардан стандартқа сай өтініштері мен тиісті құжаттар жиналып, оқушылар екі мезгіл тамақ ішіп отырды.
Қала сыртындағы лагерге мектебімізден 8 оқушы қатысуға өініш білдірді.Олар: аз қамтамассыз етілген отбасынан шыққан – 5 сынып оқушысы Сабыралы Айбар, 6 сынып оқушысы Жұмабай Диас, 5 сынып оқушысы Қамбарбек Санжар, 6 сынып оқушы Тауымбек Айбек, 7 сынып оқушысы Тәжібай Бекзат, көп балалы отбасынан шыққан – 6 сынып оқушылары – Тәжібай Перизат, Жолтай Жасмин, Жолтай Жасмин.
Сонымен 2017-2017 оқу жылында әлеуметтік педагогтың жұмысын қортындылай келе ,жаңа оқу жылының басынан көп балалы,тұрмысы төмен,қамқорлықтағы балаларға аса назар аударылып,тегін оқулықпен және әрқайсының жағдайына сай қажетті көмек жасалынды.Жаңа оқу жылында оқушылардың ата-аналарымен мектептің қарым-қатынасын одан әрі нығайтып,оларды мектепішілік жұмыстарға көбірек тартылуына көбірек көңіл бөлемін.


№9 Абай атындағы орта мектебінің білім беру қызметінің сапасына қанағаттанасыз ба?


Похожие публикации: