19
ноябрь
2018
№9Абай атындағы орта мектебіндегі 2018-2019 оқу жылында Жуалы АІІБ-нің полиция қызметкерлерімен өткізілген отырыс
№9Абай атындағы орта мектебіндегі 2018-2019 оқу жылында Жуалы АІІБ-нің полиция қызметкерлерімен өткізілген отырыс.
ХАТТАМА № 1
Күні:22.10.2018ж
Қатысқандар: 1. Мектеп директоры Ж.Утегенова
2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының м.а Е.Телеушов
3. Жуалы АІІБ-нің Жергілікті полиция қызметкерінің ювеналды полиция тобының инспекторы полиция
капитаны Жумашев Алимжан Алимханұлы.
4. Полиция капитаны Сариев Самат Муратович
5. Полиция майоры А.Мандиров.
6. 7,8,9,10,11 сынып ұл баллары.
Қатыспағандар: ----
Күн тәртібінде:
1.Қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу туралы.
2.Оқушылардың сабақтан себепсіз қалу себептері мен олардың алдын- алу жөнінде.
Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының м.а Е.Телеушов мектепте құқық кеңесін құрып, оның жұмыстарын ұйымдастыру, мектеп және жасөспірімдер бөлімшесімен бірге келісілген іс-шара жоспарымен таныстырды. Оны іс-жүзінде асыру жолдарына тоқталды.
Кәмелетке толмаған балалар бөлімінде тізімде тұрған бала жоқ.Тәртібі нашар балалардың қазіргі уақыттағы тәртібіне тоқталды..
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша екінші сөз Жуалы АІІБ-нің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының инспекторы полиция капитаны Жумашев.А.А және полиция капитаны Сариев Самат Муратович өз сөзінде қылмыстың «ұсағы» немесе «орташасы» жоқ. Сіздер қашан да болсын қылмыстың жолын жедел кесе білуге міндетті екендіктерін айтып, бәрінен де бастысы - сол құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу керектігін айтты.
Түнгі уақыттырда ата-анасыз жүруге болмайтындарын және ата-анасыз жүріп ұсталған жағдайда жауапкершілікке тартылатындарын айтып өтті.
Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша Жуалы АІІБ-нің жергілікті полиция қызметінің «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу инспекторы полиция майоры А.Мамиров оқушылардың сабақтан себепсіз қалу себептері мен олардың алдын- алу жөнінде бір қатар түсінік беріп,сабақтан он күннен аса себепсіз қалған оқушылармен жекелей жұмыс жүргізілетінін және олардың ата-аналарына ескерту беріліп,арнайы қылмыстық іс қозғалатындығын айтты.
Сөз соңында оқушыларға бойына құқықтық білім мен тәрбиені қалыптастыру және өздерін зиянды заттардан сақтау,қазіргі таңда жаһанда болып жатқан діни экстремизм ,терроризм,діни ағымдардан өздерін сақ болуға шақырды.
Мектеп тәртібінің барлығына ортақ екендігін айтып,тәртіпті болуға кеңес берді.
Шешім:
1. Аудандық кәмелеттік жасқа толмаған істер жөніндегі бөліммен бірлескен жұмыс жоспары бойынша арнайы іс-шаралар өтілсін.
2. Мектеп әкімшілігі сынып жетекшілер тарапынан оқушылардың сабаққа қатысуы, тәртібі үнемі қадағалансын.
3.Оқушылардың құқықтық білімдері тексерілсін (тест, сауалнама жүргізу)
Мектеп директоры: Ж.Утегенова
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының м.а: Е.Телеушов
Хатшы: А.Жумашева