26
январь
2022
♦«Ел ертеңі жастар» атты ауыл жастарымен кездесу.


2022 жылдың 25 қаңтар күні Қошқарата ауылдық мәдениет үйінде "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Нарымбеков, аудандық мәслихат депутаттары Ж.Исаев пен М.Телеушов, ауылдық округ әкімі Ж.Мырзалиев және қоғамдық Кеңес төрағасы Ж.Шыршыкбаевтың қатысуымен «Ел ертеңі жастар» атты ауыл жастарымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында жастарға ұрпақтар сабақтастығын сақтау, рухани-адамгершілік қатынастарды дамыту және өткеннің ұлағатын ұмытпауды айта отырып, ұлттық болмысты, өзіндік мәдени құндылықтарды бағалауда жастарға тәлім-тәрбие тұрғысынан ақыл – кеңестерін айтып, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.