05
октябрь
2020
Қарты бардың-қазынасы бар
Құрметті ардагерлер, зейнеткерлер мен аға буын ұрпақ өкілдері! Баршанызды 1 қазан - Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тəжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тəлім- тағылымдарыңыз - біз үшін əрқашан да орны бөлек. Себебі, əрқайсыларыңыздың ауданымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тəрбиелеп,ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ өмір, жан жылуы мен бақыт, қуаныш, жақын туыстарыңыздың, ұрпақтарыңыздың сүйіспеншілігі мен ықыласын тілеймін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!