Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында 23 қараша күні «Нұр Отан» » Средняя школа им.Абая
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"№9 Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705)4651994
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында 23 қараша күні «Нұр Отан»
23
ноябрь
2021

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында 23 қараша күні «Нұр Отан»

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында 23 қараша күні «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Н.Назарбаев «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын жариялады. 
ҚР Тұңғыш Президенті мемлекетіміздің тәуелсіз ел болғалы біршама жетістіктерге жеткендігін атап өтті. Алдағы уақытта Қазақстанды «Мәңгілік ел» ету жолында күллі қазақстандықтарға бағыт беруде жетекші құрал ретінде Елбасымыз жеті бөлімнен тұратын өз үндеуін жолдады. 
Ең әуелі, ең басты құндылығымыз – тәуелсіздікті көздің қарашағындай сақтау керек, екіншіден, елдігіміздің тұғыры саналатын – бірлігіміз мықты болуы қажет. Үшіншіден, Жерімізге ие болып, оны қорғау болса, төртіншіден, қоғамның алтын діңгегі саналатын отбасы мен салт-дәстүрді ұстану арқылы саналы ұрпақ тәрбиелеп шығарамыз. Бесіншіден, тарихымызды, мәдени құндылығымызды жаңғырта, жандандыра отырып, өркениетті отыз елдің қатарына кіре алатындығымыз айқын болса, алтыншыдан, біліміміз бен еңбегіміз арқылы бірталай белесті бағындыруға болатынын көрсетті. Педагог ретінде білім саласында еңбек етіп жатқандықтан, Елбасының оқу-білімді жас ұрпақтың бойына ұялатуға, дарынды да, талантты шәкірттеріміздің санын көбейтуге назар аударуы бізді бей-жай қалдырмайды. Бүгінгі білімді ұрпақ – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат. Сондықтан елдігіміздің бір қыры ретінде білім саласына көңіл бөлу – асқан көрегенділіктің белгісі деп санаймын. Ал елдігіміздің жетінші қыры – бәсекеге қабілетті болу. Ғылым мен білімнің, жалпы кез келген кәсіптің саласында бәсекеге қабілетті болу – ең маңызды мәселе деп білемін. Себебі, бәсекелестік жоқ жерде өсу де, өркендеу де, алға қарай ұмтылу да болмайды. Тәуелсіздігіміз баянды, әрі мәңгілік болу үшін біздің алдымызда барлық салада бәсекеге қабілетті болу міндеті тұр. Қандай кәсіппен айналысса да, қоғамдағы әр азамат өз ісінің нағыз маманы болса, және сол жұмысын ыждахаттылықпен атқарғанда ғана біздің елімізде тек қана алға қарай қадам басушылық орын алары ақиқат. 
Сондықтан, барша қазақстандықтардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, елімізге адал еңбек етуге шақырамын. Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» атты халыққа үндеуі – күллі ел азаматтарының бағытын айқындап беретін тұсбағдары болуына тілектеспін!

Похожие публикации:

12 октябрь 2020 Call центр
25 сентябрь 2020 Парасатты Отбасы
13 декабрь 2019 Құттықтау
01 январь 2020 Құттықтау
15 октябрь 2019 алтын күз
03 октябрь 2019 эко-сағат
01 октябрь 2019 ҚАРТТАРҒА КӨМЕК
25 сентябрь 2019 ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ
23 сентябрь 2019 Құттықтау!!!
04 сентябрь 2019 Адалдық сағаты
24 май 2019 1 наурыз
09 апрель 2019 ыстық тамақ