«Қауіпсіз мектеп автобусы»
2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫ
Акцияның мақсаты: оқушыларды оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ балаларды мектеп автобусымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Оқушыларды тасымалдау Ақтасты және Қызтоған ауылдарынан 39 оқушыны қамтумен жүргізіледі.
Акцияны өткізу барысында оқушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдары тексерілді (техникалық тексеру жүргізілді ме, көлік құралдарының жүру бағыттары), жүргізуші оқушыларды қауіпсіз тасымалдау бойынша жадынама таратылды.







"Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық онкүндік акциясы аясында жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуді., оның мақсаты оқушылар арасында жол-көлік жарақатының алдын алу болып табылады және келесі міндеттерді қарастырады:
1) балаларда барынша көңіл бөлу және көңіл бөлу қажет болатын ықтимал қауіпті кеңістік ретінде көшелер мен жолдар туралы түсінік қалыптастыру;
2) жолда және көлікте қауіпсіз жүріс-тұрыс бойынша білімді, тәжірибелік білік пен дағдыларды қалыптастыру;
3) тәрбие және оқу процесі барысында адамдар өмірі тәуелді көшелер мен жолдарда жауапты және саналы мінез-құлыққа уәждемені қалыптастыру.
«Қауіпсіз мектеп автобусы үшін» ұранымен іс-шаралар өткізу үшін мектеп жоспары әзірленді.
Күн сайын аудан мектептерінде тасымалдаудағы оқушылардың келу және кету мониторингі жүргізіледі. Оқу жылының басында және акцияны өткізу күндері автобус жүргізушісімен және оқушылармен автобуста жол жүру қауіпсіздігі ережелері бойынша әңгімелер жүргізілді.
Бұл жұмыс ауданның білім беру мекемелерінің және барлық мүдделі ұйымдардың ерекше бақылауында.

Ашық тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: : «Жолдағы қауіпсіздік ережелері»
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
2. Көше тәртібін әрдайым сақтауға, қиын жағдайларда дұрыс шешім таба білуге тәрбиелеу, құқықтық тәрбие беру.
3. Оқушылардың ой - өрістерін, жан - жақты білімдерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер, қима қағаздар, тапсырма парақшалары т.б.
Әдіс – тәсілдері:ойын, оқушылардың шығармашылығы - салған суреттері.
Күтілетін нәтиже: Оқушыларға көшеде жүру ережесін үйрете отырып,алған білімдерін пысықтайды. Ойларын ашық айтуға, көше белгілерін жатқа айтуға дағдыланады.
Жолда жүру мәдениетін қалыптасады.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
Психологиялық тренинг . «Күлкі шуағында»
2.Кіріспе сөз.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол - көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет.
Жол апаты оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі.
-Жол ережелер қаласының тапсырмаларын 3-топқа бөлініп ,сайысқа түсеміз.
-Бағдаршам: Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы келдім.
Жүргізуші: Қош келдің, Бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміздің бәрі саған қатысты болмақ, сондықтан да бізбен бірге бол.
Бағдаршам: Мен сендерге қояр сұрағым да, жұмбағым да, тапсырмам да бар. Сендерді тексерейін.
І – бөлім . “Кім тапқыр?” Жұмбақ сайысы. Жұмбақтар шешейік
Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)
Арқаным бар тым ұзын,Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып, Тапшы мұны пысығым. ( жол)
Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен, Ысқырығы күшті адам.(Жол сақшысы )
Бағдаршамның қызыл оты жанғанда жүргіншіге де, көліктерге де тоқтап тұру керек.
Сары шам бағдаршам отының ауысуын көрсетеді.Бұдан да жүруге болмайды.Тек сақ бол, дайындал!
Сарыдан кейін жасыл жарық жанғанда жол ашық, жүруге болады
Жүргізуші: Қызыл жанды, тоқтағын,
Көрдің жұрттың тосқанын.
Сары жанды – дайындал
Айналаңа қарап ал.
Жасыл жанды – тыңдағын
Жолың ашық, тұрмағын.
Оқушылардың баяндауы бағдаршам туралы
Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапканын білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрелік.
Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сакталмаған.
Оны көше қиылысына ыңғайлап, кайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.
Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды.
Өкінішке орай бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.
Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласына, сосын Нью-Йорк, т.б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.
Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.
(Бағдаршамның шығу тарихы жәйлі баяндайды.)
ІІІ-бөлім: Жырдан шашу шашайық. Осыдан кейін балалар жол ережесіне, жол белгілеріне байланысты жаттаған өлеңдерін айтып береді.
Бірге: Жол ережесін бұзбаймыз, Ережесін жаттаймыз
ІV.Бағдаршамның тапсырмасы .
Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
- Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.
3.Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
-Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.
-Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз?
- Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз.Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз.Егер ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орында күте тұрамыз.
V Жол белгілерін білейік бөлімі Өлең шумағы оқылған соң слайдтар көрсету арқылы тереңірек мәліметтер келтіріледі
А)Сақтандыру, ескерту белгісі
Қып - қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп
Сәт - сапар жолдаған.
Тыйым салу белгісі
Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,
Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты .
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар , бағдарла көз салып жан — жақты.
Бағыт беретін белгіс
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол , шартыңды міндетті орында !
Ңұсқау белгісі
Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,
Үн — түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де , түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.
VI- бөлім. Ситуациялық жағдайларға жауап беру.
1. Сен жолдан өтіп бара жатқанда саған біреу айқайласа, не істеу керек?
2. Сен жолдан өтіп келе жатырсың. Кенет аялдамада тұрған өзіңе керекті автобусты көрдің.Сен не істейсің?
3. Сен автобустан түстің. Сен көшенің қарсы бетіне өтуің керек. Сен қалай өтесің?
жүргізуші:Ойын жүргізушісі алдын ала дайындаған үш түсті көрсетіп, оқушылардың қаншалықты жинақы екенін байқайды.
Бағдаршам ойыны Ойын шарты
1)Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын
қозғалысқа келтіреді.
2)Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.
3)Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.
Жолда жүруге байланысты «Бағдаршам» мультфильмін көріп тамашалау.
Әрдайым жол тәртібін есте сақтап, көшеде сақ жүрейік!
Бағдаршам: Мен сендерге ризамын. Бүгінгі жол ережесіне арналған шараға өте жақсы үлкен жауапкершілікпен дайындалғандарың көрініп тұр. Рахмет сендерге. Барлық белгілермен мына отырған балаларды таныстырып шықтыңдар. Енді бұл сынып оқушылары көшеде жол ережесін бұзбайды деп ойлаймын. Мен енді сендермен қоштасамын. Әлі талай сендерге қонаққа келіп тұрамын.Сау болыңдар, балалар!
-Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
ЖОЛ жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол бәрімізге ортақ тәртіп.