20
май
2024
«Білімім - Отаныма» атты сынып сағаттары өткізілді.

Сынып сағаты , мемлекеттік гимнмен басталды . ҚР Оқу - Ағарту министрі Ғ.Бейсенбаевтың құттықтауынан соң , сынып жетекшілері - білім алушылардың алған білімдері мен тағылымы терең тәрбие иірімдері туралы тұжырымдады.
Сынып сағатында , патриотизм , отанды сүю , достық , татулық , ел тарихы туралы тың деректер , маңызды ақпараттармен бірге , сынып оқушылары 2023 - 2024 оқу жылында жеткен жетістіктері туралы сыныптастарымен ой бөлісіп , пікір алмасты .
Сынып жетекшілері , мектеп формасына қойылатын талаптар , жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ескерте келе , жазғы мезгілде : оқу үшін әдеби оқулықтар , кітаптар , қарауға болатын фильмдер тізімін ұсынды .
Сондай - ақ , жазғы демалысты тиімді ұйымдастыруға бағытталған қосымша білім беру ұйымдарына қатысудың тиімділігін жеткізді .