
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімінің N9 Абай атындағы орта мектебінде 2023-2024 оқу жылының аяқталуына орай, “МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!” атты мерекелік іс- шара өтті.

11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін құйып , балалық шағын өткізген жас түлектердің өн бойында, алтын ұя - мектебіне , әліппеден бастап , өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздарына деген қимастық сезім байқалды.

Мектеп бітіруші түлектерді - 11 сынып жетекшісі Рахманкулова Гульмира Шакировна бастап келді.

Бұл күн - алғашқы және соңғы қоңыраудың арасын жалғайтын айтулы күн, мектеп бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпейтін күн!

Жүректі тебірентер қимас сәтте , мектеп директоры Жанар Өтегенқызы сөз алып , білім ұясынан ұшқалы тұрған - Жас түлектерге сәттілік тілеп , жүрек жарды ақ тілегін арнады.
Ақ жол! Армандар орындалады. Баршаңа , сәттілік серік болсын!