МЕКТЕПТЕ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ » Средняя школа им.Абая
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"№9 Абай атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(705)4651994
Version for
visually impaired
» » МЕКТЕПТЕ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ
25
May
2024

МЕКТЕПТЕ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімінің N9 Абай атындағы орта мектебінде 2023-2024 оқу жылының аяқталуына орай, “МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!” атты мерекелік іс- шара өтті.
✅11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін  құйып , балалық шағын өткізген жас түлектердің өн бойында,  алтын ұя - мектебіне , әліппеден бастап , өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздарына деген қимастық сезім байқалды.
✅Мектеп бітіруші түлектерді - 11 сынып жетекшісі Рахманкулова Гульмира Шакировна бастап келді.
✅Бұл күн - алғашқы және соңғы қоңыраудың арасын жалғайтын айтулы күн,  мектеп бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпейтін күн!
✅Жүректі тебірентер қимас сәтте , мектеп директоры Жанар Өтегенқызы сөз алып , білім ұясынан ұшқалы тұрған - Жас түлектерге сәттілік тілеп , жүрек жарды ақ тілегін арнады.
Ақ жол! Армандар орындалады. Баршаңа , сәттілік серік болсын!

Похожие публикации:

01 September 2022 ҚҰТТЫҚТАУ!!!
12 October 2020 Call центр
25 December 2019 Құттықтау
24 May 2019 1 наурыз