22
февраль
2019
Қамқоршылық акциясы
Қамқоршылық акциясы
Қайырымдылық – жүректен жүректен
(Ашылуы казак биімен басталады)
1-Жүргізуші: Армысыздар, құрметті де аяулы ата-аналар мен ұстаздар, оқушылар! Қазақ «Жесірін жылатып, жетімін қаңғыртпаған»халық. Ел болып етегімізді жиғалы бері де жан жылуына зәру қандастарымыз бен қарлығаштарымызға Елбасынан бастап барша азаматтар барынша демеушілік жасауда. Түрлі акциялар ұйымдастылып оң нәтижелер көрсетуде.Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында 2019 жылдың 10 қаңтар - 10 ақпан аралығында республика көлемінде «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылып,іс шаралар өткізілуде. Осыған орай,мектебімізде өтіп жатқан «Қайырымдылық – жүректен жүрекке » атты тақырыбындағы мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Жақсылық қылсаң балаға,
Бір қайырымын аларсың.
Адамгершілік танытып,
Дұрыс жолға саларсың.
Қолында бар да көмек ет,
Тарыққан жанға ағайын.
Қол үшін бер, демеу ет,
Алладан болсын сауабы. – 5 сынып оқушыларымыздың тақпақтарына кезек берейік.
1-Жүргізуші: Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма -
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма -
Өскеніңді өшіресің.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба
Қазыбек бидің халқымның кеңдігі, жоMarchтығы туралы айтқан осы бір өсиеті бүгінгі күнде де өміршеңдігін жойған емес.
Алғы сөзді мектебіміздің директоры Ж.Утегеноваға беремін
2-Жүргізуші: Мектебіміздің күміс көмей әншісі Жолтай Сымбатты ортаға шақырамыз.
1-Жүргізуші:
Жансаң көзі қарақты
Қиналғанды аңғарар
Өзіңнен сөз тарапты
Жақсылыққа жалғанар
Дәнекер боп жүргенің
Азаматтық ерлігің
Жөн жосықты білгенің
Еңсесі биік елдігім
Байлық қуат алапат
Қағып түсер қарғысың
Демеушілік шарапат
Алар елдің алғысын .-дей келе, 7, сынып оқушыларының_________________________ мәнерлеп оқуына береміз
8 сынып оқушысы Аяжанды шақырамыз «Соқыр ана» мәнерлеп оқу.
2-Жүргізуші:
Сымбатына сән киімі жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сай келіп тұрғанына,
Бишілерге қызығып таң қаласың.
5 сынып оқушыларының биге кезек береміз
1-Жүргізуші: Егеменді еліміздің жарқын болашағы – бүгінгі жас бүлдіршіндер. Сондықтан, барлық игі жақсылық пен жүрек жылылығы балғын балаларға арналады.
2-Жүргізуші: Неткен құдірет! Күн ғой сәби күлгені,
Жарқыратып жібереді-ау дүниені
Жетеді ме күлгеніне сәбидің.
Жарты әлемнің барлық жалын гүлдері.- дей келе, кезекті
Көшкінбай Эленораның ана туралы әнін қарсы алыңыздар.
1-Жүргізуші:
Өтеді ғой... Өтеді барлығы да,
Күн арқалап кетеді таңды мына,
Менің жаным ашиды барлығына,
Таң нұрына, адамның тағдырына
2-Жүргізуші: өлең оқытылады 5-сынып оқушысы, орындайтын
Тәжібай перизат «Еркемін» әнімен.
1-Жүргізуші:
Сүйкімділер, періштелер сендерсің,
Қандай бейне өздеріңе тең келсін.
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерген
Сендер дағы өздеріңше күрессең,
Өздеріңше сендер де өмір сүресің.
Болашақты жалғау үшін болашақ,
Бола жатар сендердің де үлесің. – Аяжанның «Қазағым - ай» әнін қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші
Жақсылықты ақ жүрекпен қабылдап,
Самға биік, жалын атып жүр алда.
Жігерің мен сеніміңді оттық қып,
Жас қырандай қанат қағып қиянға.
Асқақ арман – үлкен өмір бастауы,
Болашаққа бақыт үнін жолдаңдар!
1-Жүргізуші:
Осымен өткізілген қайырымдылық акциямызды аяқтай келе, баршаңызға балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық ықыластарыңыз бен аялы алақандарыңызды созып, балғын бөбектерге адамдық мейірімділік пен жоMarchтық танытқандарыңызға рахмет айта отырып, келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз.
2-Жүргізуші:
Бала – бауыр етіміз. Сондықтан да балалардың өмірі жарқын болып, аман болсын. Қош, Сау болыңыздар!
№9 Абай атындағы орта мектебі
Жүректен жүрекке
/қайырымдылық ақция/
Әлеуметтік педагог: Э.Арықбаева
Қошқарата ауылы