01
October
2019
ҚАРТТАРҒА КӨМЕК
1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Қазақстанда да жыл сайын бұл күн қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құрмет көрсетіледі. Биыл да мерейлі мереке өз деңгейінде аталып өтілмек. Дәстүрлі жиындардан бөлек еліміздегі Ардагерлер ұйымы 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты қайырымдылық акциясына шақыратын үндеу жариялап отыр. Акция аясында мектеп оқушылары қарттарға көмек көрсетіп, қамқорлық жасады. Олар сабақтан тыс уақытта оқытушылармен бірге соғыс және еңбек ардагерлерінің үйіне келіп, шаруашылығына көмек көрсетті.


