21
ноябрь
2018
Попечительский совет ұйымы
Попечительский совет ұйымы
ҚР Білім және ғылым министрінің "Білім бе¬ру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы 2017 жылғы 25 шілдедегі №355 бұйрығына сәйкес, облыстық білім беру мекемелері жанынан барлық мектептерде Қамқоршылық ұйымдары құрылған.
Жамбыл облысындағы Жуалы ауданындағы Қошқарата ауылындағы білім беру ұйымы мекемесіндегі №9 Абай атындағы орта мектебі, №35 С.Мұқанов бастауыш мектебі және №31 Ақтасты бастауыш мектебі барлығы қамқоршылық кеңес жұмыстары департамент тарапынан қолдауға ие болған. Яғни, олар тірек орны болып табылып, жұмыста¬ры сараланып отырады. Қағаздағы дерекке сү¬йенсек, бүгінде аймақтағы мектептің барлығында бүгінде қамқоршылық кеңестері құрылып, жұмыстары басталып кетті.Попечительский совет - мектептің ішіндегі бар-лық мәселелерді шешуге атсалысатын, бі¬лім¬ді бақылауда ұстайтын тәуелсіз азаматтардан құралған ұйым. Оның құрамы 11 адамнан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда қызмет атқаратындары 3 адамнан аспайтын, жер¬гілікті атқарушы, өкілдері және құқық қорғау қызметкерлерден, коммерциялық емес ұйымдардан, қайырымдылық жасайтын адамдардан, ата-аналар комитеті ұсынған параллель оқитын сыныптардың ата-аналарынан бекітілді. Попечительский советтің төрағасы Ж.Айдосов болып сайланды. Бірескеретіні, қамқоршылық кеңес отырысына мектеп директоры мен оның орынбасарларықа тыса алады, алайда олар мүше бола алмайды, және кеңес төрағасы жылына 1 мәрте сайланады.Мамандардың айтуына қарағанда, мемлекеттік органдардың өкілдері Попечительский советтің төрағасы болып сайланбайды және оның міндеттерін жүзеге асырмайды. Попечительский советтің отырысықа жеттілігіне қарай, тоқсан сайын кемінде бір рет өткізіледі. Әрбір жиында тәуелсіз азаматтар білім саласындағы өзекті мәселелерді шешуге, мектеп басшысының ашық жұмыс істеуін бақылауға ала алады. Попечительский советке қайырымдылық не демеушілік қорлардан қаржылар келіп түсуі мүмкін. Мұндай жағдайда кеңес мүшелері қомақты қаржыны мектептегі қоғамдық жұмыс не дарынды балалар мен олимпиадаға қатысушы таланттарды қолдауға жұмсайды. Сонымен қатар әлеуметтік жағдайы төмен, әлжуаз отбасынан шыққан балаларға демеу білдіреді. Бұл ата-ана үшін де, мектеп үшін де тиімді. Соның бірін айтар болсақ, жеке шаруашылық иелері мектепке қаржылай көмек көрсетті ,сол қаржыны қамқоршылық иелері талқылап,бөлінген қаржыны мектеп кабинеттерін қазіргі заман талабына сай жабдықтауға бөлді. Дегенмен, енді ғана қолға алынып жатқандықтан әзір¬ге нәтиже мен қорытынды күтуге ерте. Информациятарға иек артсақ, мектептерде құрылған Попечительский совет ұйымдары шет елдерде бұрыннан бар. Еркіндікке жол бастап, проблемалардың алдын алуға сеп болатын ұйымдардың мүшелері де демократиялық қоғамның дамуына күш салады. Әрине, бұл Еуропа елдері үшін таңсық емес. Ал, біздің ел бұл жүйеге енді келіп қосылуда.
Попечительский совет тағы бір маңызды мәсе¬лені шешуге қауқарлы. Кеңес мектеп директорларын тағайындауда айтарлықтай рөл атқарады. Мәселен, бұрындары мектеп басшылары арнайы тест және әңгімелесуден өтіп, білім басшылығына келсе, биыл министрлік мектеп директорларын білім ошағын дамытуға арналған бағдарламасын Попечительский совет алдында қорғауды міндеттеп отыр. Егер, кеңес мүшелері мектеп директорының мақсаты мен тәжірибесіне көңілі толса, рұқсатын береді. Міне, содан кейін ғана білім ордаларының басшылары тесттен және жеке әңгімелесу кезеңіне жолдама алады. Сондықтан, енді ғана қолға алынған Попечительский совет білім саласындағы түйткілдің шешімін табуға ықпал етеді.
Мақсатымыз - Попечительский советтің жұ¬мы¬сын білу, салмағын саралау. Ал, нәтиже мен атқарылған жұмысты келесі оқу жылынан күтеміз.
Қазақ тілі пәні мұғалімі: Сауранбекова А