Әкімшілік - Средняя школа им.Абая http://abai-zhualy.mektebi.kz/ ru Әкімшілік - Средняя школа им.Абая DataLife Engine 20 ақпан күні N9 Абай атындағы орта мектебінде сеймикалық және өрт жағдайы бойынша эвакуациялық жаттығу өткізілді. http://abai-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/307-20-apan-kn-n9-abaj-atynday-orta-mektebnde-sejmikaly-zhne-rt-zhadajy-bojynsha-jevakuacijaly-zhattyu-tkzld.html http://abai-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/307-20-apan-kn-n9-abaj-atynday-orta-mektebnde-sejmikaly-zhne-rt-zhadajy-bojynsha-jevakuacijaly-zhattyu-tkzld.html ]]> ]]> admin Thu, 20 Feb 2025 09:14:22 +0600 ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА http://abai-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/285-zhaa-ou-zhylyny-mektep-formasy-turaly-ata-analar-nazaryna.html http://abai-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/285-zhaa-ou-zhylyny-mektep-formasy-turaly-ata-analar-nazaryna.html ]]> ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА 
Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы»  2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрыққа сәйкес.
         Құрметті ата-аналар!
Жаңа 2024-2025 оқу жылына орай мектеп формасы талаптарын назарларыңызға ұсынады:
        1. Ұлдардың мектеп формасы:
Қаракөк түстес Пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы  тоқылған күрте/ кардиган, поло жейде  немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
        2. Қыздардың мектеп формасы:
Қаракөк түстес Пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.
#Біртұтас_тәрбие_жамбыл
]]>
admin Mon, 02 Sep 2024 09:51:15 +0600
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА АҚПАРАТ ҮШІН!!!! http://abai-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/276-ata-analar-nazaryna-aparat-shn.html http://abai-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/276-ata-analar-nazaryna-aparat-shn.html ]]> ]]> admin Wed, 01 May 2024 10:20:11 +0600 ✅Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Министрлік психологиялық қолдау орталықтарын дамыту арқылы педагог-психологтардың жұмысын жандандыру бойынша жұмыс жүргізуде. http://abai-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/272-memleket-basshysyny-tapsyrmasyna-sjkes-ministrlk-psihologijaly-oldau-ortalytaryn-damytu-aryly-pedagog-psihologtardy-zhmysyn-zhandandyru-bojynsha-zhmys-zhrgzude.html http://abai-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/272-memleket-basshysyny-tapsyrmasyna-sjkes-ministrlk-psihologijaly-oldau-ortalytaryn-damytu-aryly-pedagog-psihologtardy-zhmysyn-zhandandyru-bojynsha-zhmys-zhrgzude.html ]]> ✅Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Министрлік психологиялық қолдау орталықтарын дамыту арқылы педагог-психологтардың жұмысын жандандыру бойынша жұмыс жүргізуде.📆Бүгінде еліміздің 11 өңірінде өңірлік психологиялық қолдау бөлімдері-орталықтары ашылған, онда әрбір бала, ата-ана, педагог қажет болған жағдайда көмек сұрай алады. Бұл орталықтар қиындыққа тап болған балаларға кәсіби көмек көрсетеді, сондай-ақ олардың ата-аналарына қолдау мен кеңес береді.

🔰Жыл соңына дейін қалған облыстарда да орталықтардың ашылуын аяқтау жоспарланып отыр]]>
admin Wed, 13 Mar 2024 11:31:09 +0600
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСТЫ МІНДЕТ http://abai-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/253-y-bzushylyty-aldyn-alu-basty-mndet.html http://abai-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/253-y-bzushylyty-aldyn-alu-basty-mndet.html ]]> ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСТЫ МІНДЕТ
📌2024 жылдың 10 қаңтар күні "Кәмілетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Жуалы ауданы әкімдігімен Жуалы аудандық прокуратурасының бірлескен 2023- 2024 жылдарға арналған " іс- шара жоспарын орындау мақсатында " Құқық бұзушылықтың алдын алу - басты міндет " тақырыбында 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен жиналыс өтті.
📌Жиналысқа: Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Е.Жузбаев және Жуалы ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдіскері Г.Сатарова қатысты.
#АБАЙ_ОМ
]]>
admin Wed, 10 Jan 2024 14:16:04 +0600
29 декабрь 2023 г. в 15:59 · 📌2023 жылдың 28 желтоқсан күні N9 Абай атындағы орта мектебінің мобильдік топ мүшелері кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта, яғни сағат 22.00-ден кейін көңіл көтеру орындарында болуына жол бермеу, http://abai-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/228-29-dekabr-2023-g-v-1559-2023-zhyldy-28-zheltosan-kn-n9-abaj-atynday-orta-mektebn-mobildk-top-msheler-kmeletke-tolmaan-zhassprmderd-tng-uaytta-jani-saat-2200-den-kejn-kl-kteru-oryndarynda-bol.html http://abai-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/228-29-dekabr-2023-g-v-1559-2023-zhyldy-28-zheltosan-kn-n9-abaj-atynday-orta-mektebn-mobildk-top-msheler-kmeletke-tolmaan-zhassprmderd-tng-uaytta-jani-saat-2200-den-kejn-kl-kteru-oryndarynda-bol.html ]]> 29 декабрь 2023 г. в 15:59  · 

📌2023 жылдың 28 желтоқсан  күні N9 Абай атындағы орта мектебінің мобильдік топ мүшелері кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта, яғни сағат 22.00-ден кейін көңіл көтеру орындарында болуына жол бермеу, сондай–ақ, сағат 23.00-ден кейін қоғамдық орындарда, көшелерде, ата-аналары немесе оған теңестірілген заңды тұлғаларсыз жүрмеуіне бақылау жасау туралы рейд жұмыстары  жүргізілді.
]]>
admin Fri, 29 Dec 2023 11:16:18 +0600
♦«Ел ертеңі жастар» атты ауыл жастарымен кездесу. http://abai-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/200-el-erte-zhastar-atty-auyl-zhastarymen-kezdesu.html http://abai-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/200-el-erte-zhastar-atty-auyl-zhastarymen-kezdesu.html ]]> ♦«Ел ертеңі жастар» атты ауыл жастарымен кездесу. 
2022 жылдың 25 қаңтар күні  Қошқарата ауылдық мәдениет үйінде "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Нарымбеков, аудандық мәслихат депутаттары Ж.Исаев пен М.Телеушов, ауылдық округ әкімі Ж.Мырзалиев және қоғамдық Кеңес төрағасы Ж.Шыршыкбаевтың қатысуымен «Ел ертеңі жастар» атты ауыл жастарымен кездесу өткізілді. 
Кездесу барысында жастарға ұрпақтар сабақтастығын сақтау, рухани-адамгершілік қатынастарды дамыту және  өткеннің ұлағатын ұмытпауды айта отырып, ұлттық болмысты, өзіндік мәдени құндылықтарды бағалауда жастарға тәлім-тәрбие тұрғысынан ақыл – кеңестерін айтып, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
]]>
admin Wed, 26 Jan 2022 18:59:19 +0600
Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу http://abai-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/196-y-bzushyly-pen-ylmysty-aldyn-alu.html http://abai-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/196-y-bzushyly-pen-ylmysty-aldyn-alu.html ]]> 2021 жылдың 15 желтоқсан күні N9 Абай атындағы орта мектебінде Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында  Жуалы Аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция бөлімшесі Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Мекенбай Мырзатай Көркембайұлы мен директордың тәрбиеісі жөніндегіорынбасарыТелеушов Есімжан Қойшыбайұлының ұйымдастыруымен "Ұлдар кеңесі" өтті.]]> admin Wed, 15 Dec 2021 20:08:38 +0600 «Қауіпсіз мектеп автобусы» http://abai-zhualy.mektebi.kz/main/172-aupsz-mektep-avtobusy.html http://abai-zhualy.mektebi.kz/main/172-aupsz-mektep-avtobusy.html №9 Абай атындағы орта мектебі бойынша 2021 жылдың 19 қаңтар-29 қаңтар аралығындағы  
«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық онкүндік  акция шеңберінде атқарылған жұмыстар 

2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫ

     Акцияның мақсаты: оқушыларды оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ балаларды мектеп автобусымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

         Оқушыларды тасымалдау  Ақтасты және Қызтоған ауылдарынан  39 оқушыны қамтумен жүргізіледі.

Акцияны өткізу барысында оқушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын  көлік құралдары тексерілді (техникалық тексеру жүргізілді ме, көлік құралдарының жүру бағыттары),   жүргізуші оқушыларды қауіпсіз тасымалдау бойынша жадынама таратылды.

"Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық онкүндік  акциясы аясында жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуді., оның мақсаты оқушылар арасында жол-көлік жарақатының алдын алу болып табылады және келесі міндеттерді қарастырады:

1) балаларда барынша көңіл бөлу және көңіл бөлу қажет болатын ықтимал қауіпті кеңістік ретінде көшелер мен жолдар туралы түсінік қалыптастыру;

2) жолда және көлікте қауіпсіз жүріс-тұрыс бойынша білімді, тәжірибелік білік пен дағдыларды қалыптастыру;

3) тәрбие және оқу процесі барысында адамдар өмірі тәуелді көшелер мен жолдарда жауапты және саналы мінез-құлыққа уәждемені қалыптастыру.

«Қауіпсіз мектеп автобусы үшін» ұранымен іс-шаралар өткізу үшін мектеп жоспары әзірленді.

Күн сайын аудан мектептерінде тасымалдаудағы оқушылардың келу және кету мониторингі жүргізіледі. Оқу жылының басында және акцияны өткізу күндері автобус жүргізушісімен және оқушылармен автобуста жол жүру қауіпсіздігі ережелері бойынша әңгімелер жүргізілді.

Бұл жұмыс ауданның білім беру мекемелерінің және барлық мүдделі ұйымдардың ерекше бақылауында.

Тасымалданатын оқушылар  арасында «Жолдағы қауіпсіз ережелер» атты тәрбие сағаты өткізілді. 

Ашық тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: : «Жолдағы қауіпсіздік ережелері»

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.

2. Көше тәртібін әрдайым сақтауға, қиын жағдайларда дұрыс шешім таба білуге тәрбиелеу, құқықтық тәрбие беру.
 3. Оқушылардың ой - өрістерін, жан - жақты білімдерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер, қима қағаздар, тапсырма парақшалары т.б.
 
Әдіс – тәсілдері:ойын, оқушылардың шығармашылығы - салған суреттері.

Күтілетін нәтижеОқушыларға көшеде жүру ережесін үйрете отырып,алған білімдерін пысықтайды. Ойларын ашық айтуға, көше белгілерін жатқа айтуға дағдыланады. 
 Жолда жүру мәдениетін қалыптасады.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

Психологиялық тренинг . «Күлкі шуағында»

2.Кіріспе сөз.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол - көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет.
 
Жол апаты оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі.

-Жол ережелер қаласының тапсырмаларын 3-топқа бөлініп ,сайысқа түсеміз.

-Бағдаршам: Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы келдім.
 
Жүргізуші: Қош келдің, Бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміздің бәрі саған қатысты болмақ, сондықтан да бізбен бірге бол.
 Бағдаршам: Мен сендерге қояр сұрағым да, жұмбағым да, тапсырмам да бар. Сендерді тексерейін.
 
І – бөлім . “Кім тапқыр?” Жұмбақ сайысы. Жұмбақтар шешейік 

Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
 Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

Арқаным бар тым ұзын,Ала алмайсың бір үзім.
 Ақылға салып ойланып, Тапшы мұны пысығым. ( жол)

Ала таяқ ұстаған,    Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,     Ысқырығы күшті адам.(Жол сақшысы )

Бағдаршамның қызыл оты жанғанда жүргіншіге де, көліктерге де тоқтап тұру керек.
 
Сары шам бағдаршам отының ауысуын көрсетеді.Бұдан да жүруге болмайды.Тек сақ бол, дайындал!
 
Сарыдан кейін жасыл жарық жанғанда жол ашық, жүруге болады

Жүргізуші: Қызыл жанды, тоқтағын,
 Көрдің жұрттың тосқанын.
 Сары жанды – дайындал
 Айналаңа қарап ал.
 Жасыл жанды – тыңдағын
 Жолың ашық, тұрмағын.
 
Оқушылардың баяндауы бағдаршам туралы

Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапканын білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрелік. 

Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сакталмаған.

Оны көше қиылысына ыңғайлап, кайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.

Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды.

Өкінішке орай бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.

Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласына, сосын Нью-Йорк, т.б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.

Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.

(Бағдаршамның шығу тарихы жәйлі баяндайды.)

ІІІ-бөлім:  Жырдан шашу шашайық. Осыдан кейін балалар жол ережесіне, жол белгілеріне байланысты жаттаған өлеңдерін айтып береді.

Бірге: Жол ережесін бұзбаймыз, Ережесін жаттаймыз

ІV.Бағдаршамның тапсырмасы .

 Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
 - Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.
 
3.Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
 - Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
 -Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
 - Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.
 
  -Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз?
 
- Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз.Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз.Егер ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орында күте тұрамыз.

V Жол белгілерін білейік бөлімі Өлең шумағы оқылған соң слайдтар көрсету арқылы тереңірек мәліметтер келтіріледі

 А)Сақтандыру, ескерту белгісі

Қып - қызыл үшбұрыш
 Ескерту белгісі мен болам.
 Қауіптен сақ бол деп
 Сәт - сапар жолдаған.

Тыйым салу  белгісі 

Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,

Тыйымшыл белгімін , қаталмын  салмақты .

Мен тұрған жерлерде  хақың жоқ жүруге,

Қауіп  бар , бағдарла  көз салып  жан — жақты.

Бағыт беретін белгіс

Белгімін  көрсетер  жылдамдық бағытты,

Міндетті  бұрылыс , әйтпесе  қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол , шартыңды міндетті  орында !

Ңұсқау белгісі 

Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,

Үн — түнсіз жол  сілтеп , жол  нұсқап  тұрамын.

Күндіз де  , түнде  де от болып жанады,

Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым.

VI- бөлім. Ситуациялық жағдайларға жауап беру. 
 
 1. Сен жолдан өтіп бара жатқанда саған біреу айқайласа, не істеу керек? 
 2. Сен жолдан өтіп келе жатырсың. Кенет аялдамада тұрған өзіңе керекті автобусты көрдің.Сен не істейсің? 
 3. Сен автобустан түстің. Сен көшенің қарсы бетіне өтуің керек. Сен қалай өтесің? 
 
жүргізуші:Ойын жүргізушісі алдын ала дайындаған үш түсті көрсетіп, оқушылардың қаншалықты жинақы екенін байқайды.

Бағдаршам ойыны Ойын шарты

1)Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын
 қозғалысқа келтіреді.

2)Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.

3)Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.

Жолда жүруге байланысты «Бағдаршам» мультфильмін көріп тамашалау.
 Әрдайым жол тәртібін есте сақтап, көшеде сақ жүрейік!

Бағдаршам: Мен сендерге ризамын. Бүгінгі жол ережесіне арналған шараға өте жақсы үлкен жауапкершілікпен дайындалғандарың көрініп тұр. Рахмет сендерге. Барлық белгілермен мына отырған балаларды таныстырып шықтыңдар. Енді бұл сынып оқушылары көшеде жол ережесін бұзбайды деп ойлаймын. Мен енді сендермен қоштасамын. Әлі талай сендерге қонаққа келіп тұрамын.Сау болыңдар, балалар!
 
-Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
 Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
 ЖОЛ жүру ережесі заңды тәртіп,
 Ол бәрімізге ортақ тәртіп.

]]>
№9 Абай атындағы орта мектебі бойынша 2021 жылдың 19 қаңтар-29 қаңтар аралығындағы  

admin Wed, 27 Jan 2021 12:27:18 +0600
Кенжебекова Жібек оқу-ісі жөніндегі орынбасары http://abai-zhualy.mektebi.kz/main/105-kenzhebekova-zhbek-ou-s-zhnndeg-orynbasary.html http://abai-zhualy.mektebi.kz/main/105-kenzhebekova-zhbek-ou-s-zhnndeg-orynbasary.html Кенжебекова Жібек- 2013 жылы №9 Абай атындағы орта мектепке орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қабылданып, 2017 жылы директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. 
Бүгінгі күнге дейін осы қызметті 
табысты атқарып келеді.
]]>
Кенжебекова Жібек- 2013 жылы №9 Абай атындағы орта мектепке орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қабылданып, 2017 жылы директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. 
Бүгінгі күнге дейін осы қызметті 
табысты атқарып келеді.
]]>
admin Fri, 31 May 2019 13:40:37 +0600